weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қару қолдануға рұқсат беретін қағаздарды да сатып алуға болады

Қару қолдануға рұқсат беретін қағаздарды да сатып алуға болады

Қару қолдануға рұқсат беретін қағаздарды да сатып алуға болады
ашық дереккөзі
 width= Карантин кезінде желіде "коронабизнестің" жаңа түрі пайда болды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  "Надежда" газетіне сілтеме жасап. Дереккөз мәліметінше, соңғы кездері Интернетте тек заттар емес, әскери билеттер, жүргізуші куәлігі, тіпті травмат қару қолдануға рұқсат беретін қағаздарды да сатып алуға болады.
"Әлеуметтік желілерде - Instagram, Facebook, Telegram желілерінде күмәнді хабарламалардың көбеюіне байланысты біз тексеріс жүргізуді бастадық. Онда алаяқтардың көбейгені анықталды. Халыққа жалған құжат дайындаған адамның жазаланатынын ескерткіміз келеді", - деді "Ақжайық - адалдық алаңы" жетекшісі Әлия Салиева.
Газет тілшісі осындай сипаттағы хабарламалардың бірін байқаған. Онда әскери билетті алған адам Заур есімді ер адамға алғысын айтады.
"Заур аға, әскери билет үшін сізге мың алғыс. Ата-анам соңына дейін сенбеген болатын. Оларға мөрі бар әскери бөлімнің құжатын көрсеткен кезде ғана сенді. Олар таңғалды", - деп жазған қолданушылардың бірі.
Дереккөз мәліметінше, Заур есімді ер адам мұндай қызметтері үшін көп ақша алмайды. Мысалы, жүргізуші куәлігі 60 мың теңге тұрады. Бірақ оны бірнеше категория бойынша алатын болса, арзанырақ беремін деп уәде береді екен.