weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Депутаттарға қатысты жаңа заң қабылданды

Депутаттарға қатысты жаңа заң қабылданды

Депутаттарға қатысты жаңа заң қабылданды
ашық дереккөзі
 width= Сенат депутаттары қылмыстық процесте азаматтар құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылдады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, судьялар мен құқық қорғаушылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі күшейтіліп отыр.
"Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерде есепшот ашуға тыйым салынады. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады", - деді Әшімбаев сенаттың бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, қылмыстық жауапқа тартылған азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тиісті органдардың негізгі шешімдерін прокурормен келісу және бекіту міндеті енгізіледі. "Енді, осы басымдықтарды қылмысты тергеу және сот ісін жүргізу кезінде дұрыс қолдану қажет", - деп атап көрсетті Әшімбаев.