Жүрсін Ерман: Рейтинг қуудың жөні осы екен деп айтысты қорлау керек пе?

Жүрсін Ерман: Рейтинг қуудың жөні осы екен деп айтысты қорлау керек пе?

ашық дереккөзі

 width= Ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман айтыс пен тіл төңірегіндегі мәселелерді көтеріп, сұхбат берді. Сол сәтте ол "Шоу-айтысқа" күйінетінін, оның халық өнерін мазаққа айналдырғанын айтты, деп Newsroom+ақпарат агенттігі paryz.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Жүрсін Ерман халықтың төл өнері, құндылығы болған айтыс өнерінің қадірі қашқанына наразы. Қазіргі шоу-айтысты ұйымдастырғандар мен одан рейтинг тапқан басшыларға қатты ашуланып отыр.

"4-5 жылдан бері шоу-айтыс деген басталды. О бастан-ақ қарсы болдым. Мені 1-2 рет сарапшы қатарына келуге көндірді. Алайда мұны қабылдай алмадым. Рейтинг қуудың жөні осы екен деп айтысты қорлау керек пе? Ақын мен әншіні айтыстырыпты. Әнші айтысушы ма еді? Оларға біреулер жазып береді екен. Оны қағазға қарап отырып айтады. Арзан күлкі. Оның несі айтыс?! Оны көрген көрермен айтыс деген осы екен демей ме?.. Сарапшылардың өзі керемет деп бағалап қояды. Жанар Айжанова, Балғынбек те, Асхат Маемеров те отыр. Оның қай жері тұшымды айтыс? Мен таңғалдым. Қанша қарсы шықтық. Тоқтау сұрап хат жаздық. Аида Балаеваға хат жаздық. Ол да тоқтау бола алмай отырса, несіне министр? "Хабар" арнасының басшысы Бекхожин ақынның баласы болса да ештеңе қақпайтын адам көрінеді. Айтыстан рейтинг тапқысы келеді. Әркім өз ісімен айналысуы керек қой. Біз, ақындар Суретшілер одағына барып, көрме ұйымдастырып жүрсек, қалай болады?" – деді Жүрсін Ерман.
Ақын - айтыстан бөлек, мемлекеттік тілдің жанашыры. Оның биік мінберлерде қазақ тілінің мәселесін талай рет көтергені белгілі.

Жүктелуде...