weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Корпоративтік кештерге тыйым салынды

Корпоративтік кештерге тыйым салынды

Корпоративтік кештерге тыйым салынды
ашық дереккөзі
 width= Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды, корпоративтік кештерді өткізуге тыйым салынады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Өңірлерде мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Мониторингтік бақылау күн сайын жүргізілуде. Мобильді топтар қоғамдық орындар мен ірі сауда дүкендерін, мейрамханаларды жіті бақылауға алды. Санитарлық талаптарды белден басқандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес – жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз (683 940 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он (861 180 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың алты жүз (4 444 800 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.