Сүйіктісіне ұсыныс жасаған 18 жасар жігіттің басы дауға қалды

Сүйіктісіне ұсыныс жасаған 18 жасар жігіттің басы дауға қалды

ашық дереккөзі

 width= Атырау қаласының Жастар саябағында 18 жастағы жігіт сүйіктісіне сөз салу кезінде пиротехникалық бұйымдармен отшашу ұйымдастырған, деп Newsroom+ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды. Қоғамдық орындағы отшашуды байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 436-бабы 2-бөлігіне (Арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.

«Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Жүктелуде...