Суреттен ең бірінші не байқадыңыз?

Суреттен ең бірінші не байқадыңыз?

ашық дереккөзі

 width=

Егер сіз суреттен бірінші тауды көрген болсаңыз

 width= Сіз өзіңізді басқара алатын адамсыз. Сіз ақылдысыз, әрдайым өз идеяңыз бен ойыңызды басшылыққа аласыз. Сіздің ойларыңыз - өмірдегі ең үлкен мотиваторыңыз. Жұмысыңызды өміріңіздегі барлық нәрседен жоғары қоятын қасиетіңіз бар. Кейде сізге қиын істерге назар аударуды және болашақ туралы ойлауды қойып, демалуға уақыт бөлу керек. Сіздің тауларды бірінші болып көруіңіз, әрдайым алда тұрған міндеттерге бағытталатыныңызды білдіреді. Мансап пен кәсіп - өміріңіздегі басты құндылықтар болғанымен, уақытында демалуды үйренбесеңіз, бақытты бола алмайсыз.

Егер сіз суреттен бірінші аюды көрген болсаңыз

 width= Аю – қатыгездік пен құмарлықтың символы. Егер сіз аюды байқаған болсаңыз, сіз құмарлыққа берілген адамсыз. Сіздің ішіңізде қатігездік пен агрессивті көзқарас басым. Алайда сіз жақсы көретін адамдарыңызды қорғау жолында бар күшіңізді саласыз. Сізді балаларын қорғайтын аюмен салыстыруға болады.

Егер сіз суреттен бірінші ағаштарды көрген болсаңыз

 width= Сізді демалыс адамы деп айтуға болады. Сіз көпшілікті, басқа адамдармен сөйлескенді және өзіңізді басқалардың мұқият тыңдағанын жақсы көресіз. Ағаштар әлеуметтік белсенді болуды және басқалармен байланысуға деген ұмтылысты білдіреді. Сізді адамдармен тікелей сөйлескен, жалпы бүкіл қоғам қызықтырады. Сіз кез келген адамдар тобында өзіңізде бақытты сезінесіз. Адамдармен байланысу сізді шабыттандырады. Сонымен қатар сіз әрқашан жаңа достық пен жаңа қарым-қатынасқа дайынсыз.

Егер сіз суреттен бірінші айды көрген болсаңыз

 width= Сіздің армандарыңыз алға жетелейді. Сіз ылғи өзіңіздің армандарыңыз бен болашаққа деген ұмтылыстарыңызды басшылыққа аласыз. Болашақ туралы ойларыңыз сіздің ойыңызды жаулап алады. Ал кейде сол ойлар жай ғана арман болып шығады. Сіз күні бойы армандай алатын адамсыз. Кейде сіз өзіңіздің армандарыңыздан сәл алшақтап кетесіз. Алайда бір күні барлық тілектеріңіз бен армандарыңыздың орындалатынына сенесіз.

Дайындаған: Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...