SAILAU-2021: Дауыс бер, сенің дауысың маңызды!

SAILAU-2021: Дауыс бер, сенің дауысың маңызды!

ашық дереккөзі

 width= Жуырда болатын парламент сайлауына дайындықтар басталып кетті, осыған байланысты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы Қазақстан халқы ассамблеясы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанна Қыдыралина қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. Елде жүзеге асырылып жатқан жүйелі жаңғырту жөніндегі дәйекті қадамдар қазақстандық қоғамның эволюциялық даму жолын айғақтайды. Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы – сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін жауапты кезең. Көп партиялылықты, саяси бәсекелестікті және пікірлердің плюрализмін дамытуға, парламенттік оппозиция институтын енгізуге, партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастар үшін 30%-дық квотаны енгізуге, тұтастай алғанда мемлекетті басқару істеріне азаматтық қатысуды кеңейтуге қатысты заңнамалық актілерге таяудағы өзгерістер мен түзетулер азаматтық белсенділіктің жаңа сапасын белгілеуге арналған. Сайлау халықтың билікке деген сенімінің және азаматтық қоғамның кемелдену деңгейінің көрсеткіші. Расымен, демократиясы дамыған елдерде халық сайлауға белсенді қызығушылық танытады, өйткені ол өзінің болашағына, елдің тағдыры мен болашағына деген азаматтық жауапкершілігін түсінеді. Әлемнің ең озық елдері жетістіктерінің басты құрамдас бөліктерінің бірі азаматтардың сенім, ынтымақтастықпен қатысуының жоғары дәрежесі болып табылады. Елдің қарыштап дамуы мемлекет пен қоғамның өзара қарым- қатынасына, олардың сенімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сайлау науқанында барлық саяси күштерден және қоғамға іс-әрекеттің бірлігі, бірауыздылық және азаматтардың өздеріне және ұрпақтарына лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге деген заңды ниетін қолдау қажет. Сайлау қарсаңында қазақстандықтар өз үміттерін қоғамның түрлі салаларында өзгерістердің енгізілуімен: оның ішінде, Мәжілістің жаңартылған құрамының қоғамдық бақылауды күшейтуге, БАҚ-тың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге, еркін және әділ сайлау өткізуге, азаматтардың ынтымақтасуға және бейбіт жиналыстар бостандығы құқықтарын іске асыруға бағытталған жаңа заң жобаларының дайындалуымен тікелей байланыстырады. Мұның бәрі елдің саяси жаңғыруы мен үдемелі қоғамдық прогресінің қажетті шарттары. Алдағы 10 қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі де жақсылықтың нышаны деп балауға әбден болады. Жалпы, осы жыл серпін беретін идеялық-рухани мазмұнға толы. Біз үшін, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым үшін осы жыл халқымыздың тәуелсіздік үшін сан ғасырлық күресінің тарихымен байланысты жаңа ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қазіргі күрделі және жауапты кезеңде елдің әрбір тұрғынының белсенді азаматтық ұстанымымен сайлауға қатысуы талап етіледі. Бұл жағдай елдің үдемелі дамуын қамтамасыз етуге, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын нығайту үшін қажет.                                                                                                                               Жанна ҚЫДЫРАЛИНА

Жүктелуде...