Мектеп бағдарламасына ұлттық спорт түрлері енгізіледі

Мектеп бағдарламасына ұлттық спорт түрлері енгізіледі

ашық дереккөзі

 width= Мәжіліс депутаттары дене шынықтыру пәніне ұлттық спорт түрлерін қосып оқыту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Білім беру саласындағы жаңашылдық - білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлерінің компонентін енгізу болады", - деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілістің жалпы отырысында.
Орта мектептерде оқытылатын ұлттық спорт түрлерінің тізімін мәдениет министрлігі бекітеді. Сондай-ақ, әкімдіктерге халыққа арналған спорттық үйірмелер мен секциялар, балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру үйірмелерін ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл тұрғындары арасында дене шынықтырумен қамту деңгейін арттыру міндеті жүктелген. Әкімдіктер медициналық және дене шынықтыру диспансерлерінің санын көбейте алады, халықпен жұмыс жасау үшін дене шынықтыру және спорт нұсқаушыларын жалдай алады. Ақтоты Райымқұлова қазір Қазақстанда 579 балалар спорт клубтары жұмыс істейтінін айтты. Мәдениет және спорт министрлігі 2025 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарының санын 350 клубқа көбейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, құжатта спорттық нысандарға мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету талабы көрсетілген. Атап айтқанда, тұрғын үй кешендерін салу кезінде мүгедектер мен халықтың аз қозғалатын топтарына қол жетімділікті ескере отырып, жақын жерде спорт алаңдарын салу қажет болады. Олардың санын көбейту және балаларды бұқаралық спортпен айналысуға тарту үшін республикалық бюджеттен 10,9 миллиард теңге қарастырылған. Заң жобасын талқылағаннан кейін мәжіліс депутаттары құжатты мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Жүктелуде...