Мерекені тойлауға тыйым салынды

Мерекені тойлауға тыйым салынды

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Облыстың бас санитар дәрігері журналистерге арналған жиында айтты. Бүгінгі күні облыстағы стационарлық төсек-орындарда 28 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың 21-і пневмониямен ауырса, қалған 7 науқас коронавирустық инфекция жұқтырған. Мамандардың айтуынша, өңірдегі медициналық мекемелерде 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын дайындалған. Сондай-ақ күніне 5 мың адамға дейін COVID-19-ға тест тапсыруға арналған 10 ПТР зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәулікте қауіпті індет расталған 4 жағдай тіркелген. 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 177,4-ті құрап отыр. Түркістан облысы жасыл аймаққа енгендіктен, өткен аптадан бастап карантиндік шаралар жеңілдетіле бастады. Мәселен, сауда және түрлі қызмет көрсету орталықтарына демалыс күндері де жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бірақ адам көп жиналатын іс-шараларға әлі де рұқсат жоқ.

Нұрбек НЫШАНОВ, облыстың бас санитар дәрігері: Алдағы 2-3 күннің көлемінде Тәуелсіздік күні атап өтілейін деп жатыр. Ешқандай мерекелік іс-шараларды жасамау керек. Кісілерді жинамау керек. Тек қана әркім өз жанұясында ғана атап өтуді сұраймыз. Себебі республика көлемінде коронавирустық індеттің өршу жағдай тіркеліп келеді. Сондықтан адам көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салып отырмыз.

Жүктелуде...