Белгілі актриса марқұм жолдасын сағынышпен еске алады

Белгілі актриса марқұм жолдасын сағынышпен еске алады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық актриса Әлия Әнуарбектің марқұм жолдасы жайлы жылы естеліктерін толастар емес. Актриса бұрын жарияламаған суреттер мен бірге түскен видеоларын, аяулы естеліктерін бөлісіп жүр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап. Қолда бар естеліктерді ғана жұбаныш еткен актриса әр кезде сағынышпен еске алады. Дәл сол уақытқа қайта оралғандай болады. Бәрін ұмытады. Көпшілікке айтқан соң жеңілдеп қалатынын айтады. Бұрын жеке мәселе жайлы айтпағанымен, қазір сүйген азаматы жайлы айтудан жалықпайды. Оның мінезін, құрметін, дарындылығын, азаматтығын сөз етеді. Айта кетейік, Әлия Әнуарбектің жолдасы біршама уақыт бұрын өмірден озды. Актриса жолдасының не себепті қаза болғанын ашып айтқан жоқ. Әріптестері мен желідегі оқырманы онымен бірге қайғырып, бірге жылады. Бүгінде тек қолдау айтып, сөзбен демеп отырады.


Әлия Әнуарбек: Марқұм күйеуім болмағанда мен "Жаужүрек мың бала" фильміне түсіп танылмас едім

"Мен сенің телефоныңнан өзіме хат жаздым. Кейін ұмытып кеттім. Оқығанда сен екен деп ойладым. Қатты қуандым. Сосын сенің жоқ екенің есіме түсті. Жүрегім қайта ауырды. Шіркін, сол хатты шыныда да сенжазғанда ғой", - деді Әлия.
"Азамат екеуміз ешқашан қызғанбайтынбыз. Ол маған, мен оған сендім. Оның менен басқаны қаламайтынын білдім. Ол да солай. Ешқашан бір-біріміздің телефонымызды тексерген емеспіз. Қолымызда болса да қарамайтынбыз. Ол мені бәрінен қорғады. Маған ауыр сөз айтудан қорғады. Мен өзімді гүл секілді сезіндім. Ол менің қорғаным еді", - деп жазды актриса.

Жүктелуде...