Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шетелден ұшып келген азаматта коронавирус анықталды

Шетелден ұшып келген азаматта коронавирус анықталды

Шетелден ұшып келген азаматта коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанға 8 желтоқсанда Венгрия, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 11 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. Комитеттің мәліметінше, шетелден келген 964 жолаушының ішінде ПТР-дің теріс нәтижесі бар анықтамамен – 884 адам, анықтамасыз 80 адам келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен – 320, анықтамасыз – 20. Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен – 426, анықтамасыз – 54. Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 132, анықтамасыз – 6. Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді. «Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға орналастырылды. ПТР тест тапсырды. Нәтижесінде, Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды» делінген комитеттің хабарламасында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату