Мейвезер танымал блогермен жекпе-жекке шығады

Мейвезер танымал блогермен жекпе-жекке шығады

ашық дереккөзі

 width= Америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мэйуэзер танымал видеоблогер Логан Полмен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. Ұрыс 2021 жылдың 20-шы ақпанына жоспарланып отыр. Бұл туралы Флойд өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Айта кетейік, 2018 жылы Forbes журналы Мэйуэзерді әлемнің ең жоғары ақы төленетін атақты адамы ретінде айқындады. Логан Пол осы уақытқа дейін екі кездесу өткізіп үлгерді. Алайда, екі жекпе-жек те өзі сықылды блогерлерге қарсы болған екен. Бірінші кездесу тең аяқталса, екіншісінде жеңіске жетті. Айта кетейік, 2018 жылы Forbes журналы Мэйуэзерді әлемнің ең жоғары ақы төленетін атақты адамы ретінде айқындады.  Сұңқар ӘБДІРАСЫЛ

Жүктелуде...