weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Масканы дұрыс тақпағаны үшін 57 мың теңге айыппұл салынды

Масканы дұрыс тақпағаны үшін 57 мың теңге айыппұл салынды

Масканы дұрыс тақпағаны үшін 57 мың теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
 width= Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаусқа медициналық масканы дұрыс тақпағаны үшін 57 мың теңге айыппұл салынды, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 17 қарашада Прага орталығында антикоммунистік "Барқыт революциясының" мерейтойына арналған мерекеде Клаус әдейі маскасын тек иегіне таққан. Полицейлер оның ережелерге бағынып, маскамен аузы мен мұрнын жабуын талап еткен. Алайда экс-президент бағынбапты. Осыдан кейін Клаус полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оған хаттама толтырған. Клаустан бөлек бұрынғы денсаулық сақтау министрі Роман Примулу мен ANO қозғалысы жетекшісінің бұрынғы бірінші орынбасары Ярослав Фалтынекке де 3 мың крон (57 мың теңге) айыппұл салынған. Олар 21 қазанда төтенше жағдай режиміне байланысты жұмысы тоқтаған мейрамханада тамақтанған. Ал ғимараттан шыққан кезде маскасыз болған. Репортерлер оларды фотоға түсіріп алған. Бұл суреттерден кейін Примулу денсаулық сақтау министрі қызметінен кетіп, Фалтынек ANO бастығының қарапайым орынбасары қызметіне төмендетілген. Еске сала кетсек, вирусолог және Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Алексей Аграновский коронавирусты жұқтырған адамның басқалар үшін ең қауіпті болатын кезін айтты.