Күйеуі басын жарып, алты баламен үйден қуып шықты

Күйеуі басын жарып, алты баламен үйден қуып шықты

ашық дереккөзі

 width= Қызылордалық келіншек арнамыздан араша сұрады. 40 күндей болды, шаһардағы дағдарыс орталығын паналап жатыр. Алты баласымен. Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры, білдей бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған отанасының өз үйі өлең төсегінен қуылуына себеп - телефон. Мәселе телефонда ғана болса, бұл неғылған трагедия дерсің. Түйткілдің төркіні әлеуметтік себепте болса керек. Ұрып соғу, тілдеу, қорлау. Келін емес, күң болып, қорғансыздың күнін кешкен келіншектің есімі - Ләззат Әбенова. Бұндай жайттар елімізде жүздеп, бәлки мыңдап саналады. Бір отбасының тағдыры мың отбасыға сабақ болсын. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ләззат ӘБЕНОВА, Көпбалалы ана: «Бізде күнде қырғын, күнде айқай-шу! Оң қолым да сынды, аяғым да сынды. Соңғы рет басымды жарды».
Даудың басы бұ жолы телефоннан басталды.
Ләззат ӘБЕНОВА, Көпбалалы ана: «Қызға телефон алып берейік дедім, сабақ онлайн болды ғой, содан басталды ғой қырғын. Енеміз алмайсыңдар дейді, біз аламыз дейміз. Сонымен қырғынның аяғы шығыңдар үйден деді ғой».
Шыдам шегіне жетті. Ләззат үйінен кетті. 6 баланы құшағына басып.
Ләззат ӘБЕНОВА, Көпбалалы ана: «Сенің қатының өз білгенін істеп жүр, шамаң келмейді, сен кет, мен басқа қатын әперемін дейді».
Енесі. Сөйтеді де ұлын әйеліне қарсы қояды. Екі оттың ортасында қалған азаматы анасының айтқанынан шыға алмайтын көрінеді.
Серікгүл САЛИ, Отбасылық психолог «Әкесі үніме анасын, баланың өзін ұрып отыратын ортада қауіпсіз сезімі болмайды. Ол сезім болмаған жерде бала сау болып өспейді. Психикасы сау болып өспейді».
Ал көз жасы құрғамаған балалардың жан дүниесімен 40 күннен бері дағдарыс орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр. Бізде психологиялық стресске түсіп, қатты шаршаңқы болып келді. Қазіргі таңда өте адамдармен еркін араласып, ашық ортаға түсіп кетті, бейімделді. Біздің орталықта балалар онлайн режимде оқып жатыр. https://youtu.be/Eq0axpdiIro

Жүктелуде...