Футболдан әлем чемпионатында Қазақстанның қарсыластары кім?

Футболдан әлем чемпионатында Қазақстанның қарсыластары кім?

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан футбол құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары белгілі болды. Олардың қатарында қазіргі әлем чемпионы - Франция командасы бар,  деп  Newsroom+ақпарат  агенттігі Stan.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 7 желтоқсанда Швейцарияның Цюрих қаласында 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Қазақстан ұлттық құрамасы D тобына түсті, енді Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина командаларымен кездеседі. Топ жеңімпаздары 2022 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Сонымен қатар қосымша үш жолдама ойнатылады. Оларға топтық кезеңнің қорытындысы бойынша екінші орын алған 12 команда, сондай-ақ турнир рейтингі бойынша 2020/2021 жылғы Ұлттар Лигасының үздік екі жеңімпазы үміткер болады. Түйісу матчтарында үш плей-офф болады - үш финалдың жеңімпаздары Катарға барады. Іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары 2021 жылдың 24-25 наурызында өтеді. Финалдық кезеңнің жеребесі 2022 жылдың сәуір айында өтеді. Ал мундиалдың өзі Катарда 21 қарашадан 18 желтоқсанға дейін өтеді.

Жүктелуде...