Қыста үйі өртеніп кеткен отбасыға баспананың кілті табысталды

Қыста үйі өртеніп кеткен отбасыға баспананың кілті табысталды

ашық дереккөзі

 width= Ақмола облысы тұрғынының үйі өртеніп, төрт бірдей отбасы қақаған аязда далада қалған. Алайда қайырымды жандардың арқасында қиын жағдайда қалған отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап. Ақмола облысында Әнепия есімді азаматтың үйі өртеніп, қыстың қысымшылығында төрт бірдей отбасы далада қалған. Үй иесі науқас болған. Қуанышқа орай, бар-жоғы бір аптада атамекендегі Алтайлық жерлестер алқасы бастаған Шортанды ауданының бас имамы, ауыл имамы, атамекендегі алтайлықтар, Шортанды ауданы Новокубанка ауылының халқы үлес қосып, «Ел үлесі пәтерге 337-баспана» қайырымдылық акциясы аясында зардап шеккен отбасына үйдің кілті табыс етілді.  width= Үйдің кілтін табыстауға Көкшетау облысының бас имамы Қуаныш Сәбитов, атамекендегі Алтайлық жерлестер алқасының төрағасы, Шортанды ауданның бас имамы Бақытбол Разданұлы, ауыл имамы, ауыл халқы қатысты.  width=

Жүктелуде...