Қазақстандықтар 2021 жылы неше күн демалады?

Қазақстандықтар 2021 жылы неше күн демалады?

ашық дереккөзі

 width= Келесі жылы бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 120 күн, алты күндік жұмыс істейтіндер 68 күн демалады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылға арналған өндірістік күнтізбені жариялады. Қазақстандықтар қаңтарда 4 күн демалады: 1, 2 қаңтарда Жаңа жылды тойлауға (2 қаңтар сенбіге түсетіндіктен, демалыс 4 қаңтарға ауыстырылады) және 7 қаңтарда православиелік Рождество атап өтіледі. Ең ұзақ демалыс көктемге келеді - демалыс күндерінің саны мерекелермен бірге қосқанда 33 күн. Наурыз айында қазақстандықтар екі мереке: 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз аралығында атап өтілетін Наурыз - 12 күн демалыс. Наурыздың бірінші күні жексенбіге түсетіндіктен, демалыс 24 наурызға ауыстырылады. Мамыр айында Қазақстан үш мемлекеттік мерекені атап өтеді: 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңіс күні. Екі мереке демалыс күндеріне түсетіндіктен, 1 мамыр сенбіден 3 мамыр дүйсенбіге дейін және 9 мамыр жексенбіден 10 мамыр дүйсенбіге дейін. Демек мамыр айында екі демалыс және мереке күндерін ескере отырып, қазақстандықтар 13 күн демалады. Шілде айында екі мереке бар: мемлекеттік және діни. Астана күні (6 шілде) сейсенбіге келеді, бірақ мұнда демалысты ауыстырылады — 3 шілде (сенбі) жұмыс күні болып тағайындалды. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады — 4, 5 және 6 шілде. Құрбан айтты 2021 жылы мұсылмандар 20 шілдеде атап өтеді. Тамыз айында 30-да Конституция күні атап өтіледі. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн — 28, 29 және 30 тамызда демала алады. Желтоқсан айында қазақстандықтар 1 желтоқсанда (Тұңғыш Президент күні), 16 және 17 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) демалады. Бес күндік жұмыс аптасын ескере отырып, қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады — 16, 17, 18 және 19 Желтоқсанда, 20-күні жұмысқа шығады. Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер қатарында: - Жаңа жыл - 1-2 қаңтар; - 7 қаңтар - православиелік Рождество; - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; - Наурыз мейрамы-21-23 наурыз; - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; - 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні; - 9 мамыр - Жеңіс күні; - Астана күні 6 шілде; - Құрбан айттың бірінші күні (2021 жылы 20 шілде); - Конституция күні - 30 тамыз; - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні -1 желтоқсан; - Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.

Жүктелуде...