
Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Ол қаулы бойынша, енді серіктестік босануға рұқсат беріледі. Ол үшін серіктесінде ПТР әдісі бойынша тапсырылған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек және оның нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы керек.
Сонымен қатар Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге, теміржол жолаушыларына, теңіз және өзен көлігімен келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады.
Қаулының толық мәтіні.
Жаңа қаулысы осы жылдың 8 желтоқсанында сағат 00.00-де күшіне енеді.