Жаһандану кезеңіндегі кітапхана атты онлайн семинар өтті

Жаһандану кезеңіндегі кітапхана атты онлайн семинар өтті

ашық дереккөзі

 width=
А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаһандану кезеңіндегі кітапхана» тақырыбында кітапханашылардың облыстық онлайн семинары өтті. Онлайн форматтағы семинарға қатысушылар: Түркістан облысына қарасты қалалық, аудандық кітапхана басшылары, әдіскерлер, аудандық балалар кітапханасының меңгерушілері. Зум платформасымен өткен diqital сессияға Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ директоры Д.Сыдыкова мен кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Нарботаева, аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Ш.Жолдасбекова қатысты. Семинарда аудан кітапханаларының 2020 жылы атқарған жұмыстары, 2021 жылы кітапханалардағы өзекті бағыттар жайлы сөз қозғалды. Семинардың модераторы, Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Әлмаханбетқызы «Қазақстанның құрметті кітапханашылары одағының» төсбелгісімен марапатталған барша қызметкерлерге алғыс білдірді.

Жүктелуде...