Сайрам ауданында жаңа «сервистік әкімдік» ашылды

Сайрам ауданында жаңа «сервистік әкімдік» ашылды

ашық дереккөзі

 width= Сайрам ауданында мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмауға бағытталған «сервистік әкімдік» ашылды. Аудандық әкімдік жанынан ашылған нысанның ашылу рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков қатысып, жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ашылған «сервистік әкімдіктің» мүмкіншілігімен танысты. «Бүгінгі күні Агенттіктің бастамасымен ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшірілуде. Бұл халыққа барынша қолайлы жағдай туғызып, ашықтық пен жариялылықты, сондай-ақ жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыруда. Бүгінгі кезекті Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қ.Жандарбеков" атындағы аудандық мәдениет үйінен ашылған «сервистік әкімдікте» тиімді қызмет көрсетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал ететін болады»,- деп атап өтті Мирас Қарғабай. Жаңа кеңседе мемлекеттік қызметтің 73 түрі көрсетіледі. Мұнда азаматтарды қабылдау, құқықтық кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді көрсету мүмкіншіліктері қарастырылған. Айта кетсек, бұдан былай тұрғындар ауданның әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздеп әуре сарсаңға салынбайды. «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландырып қана қоймай, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуларына мүмкіндік бермек.

Жүктелуде...