Анасы өз ұлын 28 жыл бойы далаға шығармай, үйқамақта ұстаған

Анасы өз ұлын 28 жыл бойы далаға шығармай, үйқамақта ұстаған

ашық дереккөзі

 width= Стокгольм тұрғыны өз туған ұлын 28 жыл бойы далаға шығармаған. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ауруханада жатқан әйелдің үйіне алыс туысы келіп, пәтерде қамауда отырған 41 жастағы ер адамды көрген. Тісі жоқ, аянышты күйдегі еркек бұрышқа тығылып отырған. Адаммен дұрыс сөйлесе алмайды. Оны көрген әйел «Дәл қорқынышты фильмдердегідей» деп суреттейді. Туысқаны дереу жедел жәрдем шақырған. Ал дәрігерлер полицияға жүгініпті. Белгілі болғандай, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген ер адамның жасы 41-де. Ал анасы 70-те. Ер адам соңғы рет ол далаға 12 жасында, 7-сыныпта оқып жүрген кезінде шыққан. Анасы отбасындағы келеңсіз оқиғадан кейін ұлын қоршаған ортадан оқшаулап тастаған көрінеді.

Жүктелуде...