Татулық - басты байлығымыз

Татулық - басты байлығымыз

ашық дереккөзі

 width=
Бүгін «Ел іргесінің бүтін, бірлігіміздің бекем, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы ортақ тарихи тағдыры бiрiктiрген қазақстандықтардың қоғамдағы шынайы қарым-қатынасына байланысты» деген қағиданы басты назарда ұстап, ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалайтын Сайрам ауданына қарасты, бір-бірлеріне көршілес тұратын Жібек жолы, Сиқым, Манкент, Аққала елді мекендерінің зиялы қауым өкілдері, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, ауыл округі әкімдігінің мамандары, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-і Сайрам аудандық филиалы және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері Манкент ауыл округінде бас қосты.
Кездесу барысында халқымыздың ынтымақтықты барлығынан жоғары қоя білгендігі мен ауызбіршілігінің арқасында алаңсыз, бейбіт өмір сүріп жатқандығымызды сөзге тиек етіп, алдағы уақытта да бірлігімізді сақтап, одан әрі дамытуға бірлесіп жұмыстар атқару керектігі жөнінде сөз қозғалды.

Жүктелуде...