Сайрам аудандық орталық ауруханасының перзентханасында Сovid-19 індетіне шалдыққан жүкті әйел дені сау бала босанды

Сайрам аудандық орталық ауруханасының перзентханасында Сovid-19 індетіне шалдыққан жүкті әйел дені сау бала босанды

ашық дереккөзі

 width= 2020 жылдың 4-ші желтоқсанында Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сайрам аудандық орталық ауруханасына жүктілігіне байланысты жеткізілген ана мен бала өміріне дерттің қауіп болжамын дәрігерлер айтты. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің нөмері 57-ші қаулының орындалуына және санитарлық эпидемиологиялық режимінің қатаң сақталып, ЛАС және ТАЗА аймаққа бөлініп жұмыс істеуіне сәйкес, сонымен қатар дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында жүкті әйел дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Қазіргі таңда босанған әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, бірқалыпты, перзетханада дәрігерлердің бақылауында. Бұл наурыз айынан бастап ПТР зерттеу оң нәтижесі берген коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған 6-шы жүкті әйелдің босануы. Босанған әйелдер дертті жеңіп, барлығының жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан диспансерлік есептен алынған. Әлемдік деңгейде қауіп төндіріп, адамзат баласының алдын ораған ауруға байланысты жарияланған карантиндік режимге қарамастан дәрігерлердің кәсібилігінің нәтижесінде жыл басынан бері Сайрам аудандық перзентханасында жалпы 3795 сәби дүниеге келген. Олардың 500-ден астамы ота арқылы туған. Бүгінде барлығының денсаулығы бірқалыпты. Айта кетейік, Сайрам халқы тығыз орналасқан аудан болғандықтан, мұнда жыл сайын 3500-4000-ға жуық сәби дүниеге келеді.

Жүктелуде...