300 адам жұмбақ дертпен ауруханаға түсті

300 адам жұмбақ дертпен ауруханаға түсті

ашық дереккөзі

 width= Соңғы тәулікте Үндістанның Андхра-Прадеше штатындағы Элуру қаласында 300 адам дәрігерлер анықтай алмаған белгісіз дертпен ауруханаға түсті.  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап  хабарлайды. Науқастар медициналық мекемеге сенбінің кешінен бастап түсе бастаған. Олардың арасында балалар да бар. Науқастарда жүрек айнудан бастап есінен тануға дейін түрлі симптомдар байқалады.  Дәрігерлер олардың ешбірінен коронавирус анықталмағанын алға тартып отыр.

«Ауырған адамдар, әсіресе балалар, көзінің күйдіріп бара жатқанын айтқаннан кейін кенеттен құса бастады. Кейбірі есінен танып, ұстамалар басталды», – дейді аурухана өкілі.
Штат билігі судың немесе ауаның ластануы «жұмбақ дерттің» себебі болуы мүмкін екенін жоққа шығарып отыр. Өйткені адамдар ауырған аудандарға арнайы мамандар барып, су үлгілерін тексерген. Су құрамынан ешбір залалды заттар анықталмапты. The Times of India басылымының дерегінше, бұл аурудан бір адам көз жұмған. Елдегі оппозиция өкілдері оқиғаға зерттеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың пікірінше, жұмбақ ауруға инфекция себеп болуы мүмкін.

Жүктелуде...