
Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырып, ауырғандар саны 66,5 миллионнан асты, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
Nur.kz сайтына сілтеме жасап
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 6 желтоқсан, сағат 11.26-дағы мәліметке сүйенсек, әлем елдерінде коронавирус 66 млн 540 мың 34 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 млн 528 мың 868 науқас қайтыс болған.
Коронавирус бойынша ахуал өршіп тұрған мемлекеттер:
АҚШ - 14 581 337
Үндістан – 9 644 222
Бразилия – 6 577 177
Ресей – 2 410 462
Франция – 2 334 626
Ұлыбритания –1 710 379
Италия – 1 709 991
Испания – 1 684 647
Аргентина – 1 459 832
Колумбия – 1 362 249
Германия - 1 183 640
Мексика – 1 168 395
Польша - 1 054 273
Иран – 1 028 986
Перу – 970 860
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 5 желтоқсан күні сағат 15.02-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 65 млн 257 мың 767 адамды құрайды. Көз жұмғандар – 1 млн 513 мың 179 науқас.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бір тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі еліміздің барлық өңірінде тіркелгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Жалпы Қазақстан бойынша ауырғандар саны 136 271-ге жетіп отыр. 6 желтоқсан күнгі мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта коронавирустан 14 014 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатса, 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.