
«Біз 19 триллион доллар жұмсағандықтан, бұл ақша 2021 жылы болмауы да мүмкін. Экономикалық құлдырау бар және қажеттілік екі есеге артты», – деді Дэвид Бизли БҰҰ Бас ассамблеясының COVID-19-қа қарсы күреске арналған арнайы отырысында сөйлеген сөзінде.Оның айтуынша, егер біз қажетті қаражатты жинай алсақ, онда дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік бар: «Мен бүкіл әлемдегі көптеген достарыма және көшбасшыларға айтып отырғанымдай, келесі жылы біз бәрін қаржыландыра алмаймыз. Сондықтан біз тұрақсыздандыру, аштық және көші-қон проблемаларына басымдық беруіміз керек». Бұған дейін Дэвид Бизли коронавирустық пандемия «библиялық пропорциялардың» аштығына әкелуі мүмкін деп мәлімдеген. Қазан айында ол COVID-19 пандемиясынан аштықтың алдын алу үшін 6,8 миллиард доллар қажет болады деп болжады.
Керімсал Жұбатқанов