Браконьерлер мемлекетке 12 млн теңге залал келтірді

Браконьерлер мемлекетке 12 млн теңге залал келтірді

ашық дереккөзі

 width= Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енген арқарды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Қордай АПБ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанның Қызыл кітабына енген аргалияны (арқарды) өлтірген Алматы қаласының үш тұрғынын және Қордай ауданының бір тұрғынын ұстады.2020 жылдың 2 желтоқсанында сағат 23:49-да “Киік” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында “Охотозоопром” РМК инспекторларымен бірлесіп, республикалық маңызы бар Жусандалы ерекше қорғалатын табиғи аймағында орналасқан “Бабасай” таулы жер учаскесінде “Ниссан-Патрол” және “УАЗ-3163” маркалы екі автокөлік тоқтатылды. 46 және 57 жастағы екі жүргізушіден, сондай-ақ 43 және 53 жастағы жолаушыларды сұрау барысында олардың жоғарыда аталған қорық аймағына заңсыз аң аулау мақсатында келгені анықталды.Тексеру барысында ұсталған автокөліктердің бірінің салонында қара түсті полимер қаптардан жануардың бөлінген ұшасы, болжаммен аргалия (арқар) табылып, тәркіленді. Ұсталған адамдар кінәсін толық мойындады, қылмыс құралы ретінде төрт тіркелген иір ойықты мылтық тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, оқиға орнынан 2,5 шақырым қашықтықта аң аулау кезінде архардың басы, ішкі мүшелері, терісі мен аяқ-қолдары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта іс бойынша жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқарды заңсыз аулауының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сот-биологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, браконьерлердің аң аулауы мемлекетке 12 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Жүктелуде...