Эксклюзив: Әзілкеш Жахан әнші Балжан Бидашпен отау құрды

Эксклюзив: Әзілкеш Жахан әнші Балжан Бидашпен отау құрды

ашық дереккөзі

 width= Актер Жахан Отарғалиев пен әнші, КешYOU тобының экс-солисі Балжан Бидаш некесін қиды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қуанышты хабарды әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Енді ресми түрде құттықтасаңыздар болады! Пранк емес. Ыстамбұл бізді табыстырды. Алла некемізді мәңгілік еткей", - деп жазды Балжан Бидаш.
Бір қызығы актердің сөзінше, ол Балжанмен қыз-жігіт ретінде кездеспеген.
"Ең қызығы, мен Балжанды сырттай ғана танимын. Екеуіміз бір жерде жүрсек те кездеспегенбіз", - дейді актер.
Айта кетейік, Жахан Отарғалиев "Свадьба КЗ", "Кино по понятиям", "Красавчики до нашей эры", "My love is Aisulu", "Uilenu kerek", "Любовь на миллион" атты фильмдерде ойнаған. Одан бөлек, актер вайн түсірумен айналысады.

Жүктелуде...