Тоқаев: ашық әрі әділетті сайлау болады

Тоқаев: ашық әрі әділетті сайлау болады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) сессиясы кезінде Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының сайлауы туралы айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі kznews.kz порталына сілтеме жасап. Президент сонымен қатар сессияға қатысушыларға Қазақстанда электоралды кезең басталып жатқанын айтып өтті.

«2021 жылғы 11 қаңтарда Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілдік органдарының сайлауы өтеді. Сайлау конституциялық мерзімде болады. Партиялардың бәріне даярлануға жеткілікті уақыт берілді. Биыл біз теңдессіз демократиялық реформалар пакетін қабылдадық. Олар көппартиялылықты және партиялық бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Атап айтқанда заңнамалық деңгейде парламенттік оппозиция институты бекітіліп, партиялық тізімге жастар мен әйелдердің үлесі үшін 30 пайыздық квота бөлінді. Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз. Серіктестеріміздің қолдауы мен осы елдердің бақылаушыларын күтеміз», – деді Қасым-Жомарт 
Жүктелуде...