Үкілі бала: Назима Қазақстанға мен үшін екі рет келді

Үкілі бала: Назима Қазақстанға мен үшін екі рет келді

ашық дереккөзі

 width= Аралқұмдық үкілі бала, қамшысымен елді емдеген Ерболсын Серікбаев қазір қай қалада немен айналысып жүр.Қазір 17-ге толған бозбала  студияға келіп бұрын соңды ешкімге айтпаған сырларын ашып айтты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен адамдарды емдемес бұрын,  өзім қатты ауырдым эпилепсия деген диагноз қойды. Адамдарды қарап, емдеп бастағанда ол аурудан айыға бастадым. 11 жасымды толығымен айығып,  сап-сау болып шықтым»  -дейді емші Ерболсын.
Ерболсынның анасы баласының не себепті үкілі бала атанып кеткендігін айтты.
« Ерболсын төрт қыздан кейінгі,  жалғыз түйір балам. Мен анамын,  қатты қорықтым. Төртінші сынып оқитын бала, емін алуға қаншама адамдар ағылып келіп жатты. Тіпті үлкен-үлкен емшілердің өздері келетін. Қаншама көз бар. Ұлым олардың барлығынан жақсы энергия алмайтын,  емнен соң ауырып қалатын кездері болды. Сол себепті көз тимесін деп басына үкі тағып, құлағына бриллиант тағып қойғанмын. Кейіннен бриллиантты шешіп тастады да, үкісімен елді қабылдап жүрді»  - дейді емшінің анасы
Инстаграм әлеуметтік желісінде танымал әнші Назима Жәнібековамен түскен суреттерін жариялап, біраз сұрақтың астында қалған Ерболсын ара-қатынастары туралы айтып берді.
«Назимамен арамызда достық бар. Бір-бірімізді әрқашан қолдап жүреміз,  мен Мәскеуге екі рет бардым ол үшін. Ол мен үшін екі рет Қазақстанға келді. Біздің арамызда сіздер ойлағандай ештеңе жоқ. Менің қызым бар, жүрегім бос емес. Ақылшыи,  сырласым, досым, әпкем менің»  - деп жауап берді.
Сонымен қатар Назима Ерболсыннан ем қабылдағанын жасырмады.

Жүктелуде...