Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр

Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_36177" align="alignnone" width="2560"] width= SANYO DIGITAL CAMERA[/caption] Алланың сөзін сатып, ақша тапқандар. Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген. Ең қымбат Құранның бағасы 5 млн теңгеге дейін жетеді. Оны сатушылардың уәжінше, "құнды жәдігер" болғандықтан немесе "200 жыл бұрын жазылғандықтан" бағасы осындай қымбатқа түседе екен. Бір қызығы, әлеуметтік желіге осындай хабарландыру бергендер өздерінің материалдық жағдайын түзеп алуды көздейтін көрінеді. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Еліміздегі ең қымбат Құран Кәрімнің бірі саудаға қойылды. Сатушы 5 млн теңгеге бағалап отыр. 18 ғасырдан бері бір парағы да бүлінбей, осы күнге дейін жеткен көрінеді. Дәл осы тектес, әлеуметтік желіде хабарландырулардан көз сүрінеді. Бірақ, оның түпнұсқасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ал, қасиетті кітапты сатып пайдаға кенелгісі келгендер, осы арқылы несиелерін жабуға ниетті. 2018 жылы еліміздегі ең қымбат Құран кітап 15 млн теңгеге саудаланыпты. Бүгінде бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арзандаған. Мәселен, 200 жылдан бері сақталып келе жатқан кітаптар 2,5 млн теңгеге бағаланып отыр. Ал, хабарландыру бергендер өтетініне сенімді. Кұран сатуды кәсіпке айналдырғандар айтқан бағаға алатын клиенттерді жылдар бойы күтуге дайын.

Хасан АМАНҚҰЛОВ, ҚМДБ Шариғат және Пәтуа Бөлімі меңгерушісінің орынбасары: "Ал, енді мынау кітап бұл шығарушының қандай мақсатта шығарғандығына байланысты. Егер, ол кітапты қаражат жұмсап, ол қағазын сатып алады. Оның сиясы бар, баспаханаға төлейді. Ақшасын белгілеп, Құран кітап, осы кітап осынша ақшаға енді ол кітап халіне келді. Сол бағада саудаға қойса болады. Мысалы дүкендерде".
Еліміздегі сатылымға қойылған Құран кітаптарының бағасы әлемдегі Құрандармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, ең қымбаты  2015 жылы АҚШ-та біздің ақшаға шаққанда 1 млрд теңгеге саудаланды. Ол 1203 жылы басылыпты. Осы уақытқа дейін бүлінбей сақталып келген. https://youtu.be/2iZ1oZ3GBB0

Жүктелуде...