[caption id="attachment_36167" align="alignnone" width="1693"]

Black boxing gloves inside ring[/caption]
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңаланған рейтингін жариялады, деп
Newsroom+ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетсек, ТОП-15-ке Қазақстанның бірден 5 боксшысы енді. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) – орта салмақтағы IBF чемпионы болса, 10-орында – Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО), 11-інші позицияда – Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО). Ал 13-інші сатыға Анатолий Муратов (22-2-1, 15 КО) орналастырылған. Ол Германия атынан өнер көрсетіп жүргенімен, IBF сайтында ол Қазақстан азаматы ретінде көрсетілген. Себебі Муратов Талдықорғанда туған. Рейтингінің 14-орнында Қанат Ислам (27-0, 21 КО) тұр.