
«Димаш шығармашылығының жанкүйерлері үшін қызықты нәрсе жасауға тырыстық. Бірнеше ай бойы есте қаларлық және ерекше дүние жасау үшін үздіксіз еңбек еттік. Бұл концерт барлық көрерменге қуаныш сыйлап, соңғы уақытта барлығымызға қатты әсер еткен жағдайдан арылуға көмектессе деген тілегіміз бар», – деп бөлісті «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі, жобаның продюсері Қанат Айтбаев.
Концерт жөнінде Димаш былай дейді:Концерт белгілі әлемдік www.tixr.com платформаласында өтеді. Концерттің нақты өтетін күні қазірше белгісіз.«Ең алдымен, мен осы концертті ұйымдастырумен айналысатын барлық командаға, сондай-ақ өз шығармашылығының жанкүйерлеріне үлкен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен қайтадан сахнаға шығып, көрерменмен кездесуді асыға күтемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін».