"Кө...іңді қыс!": Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбай төбелесіп қалды

"Кө...іңді қыс!": Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбай төбелесіп қалды

ашық дереккөзі

 width=   https://youtu.be/7ps1YyftKMM 31 арнадағы "Неге" бағдарламасының кезекті түсірілімі кезінде студияда Ермұрат Бапи ЖСДП төрағасының орыбасары Тазабек Сәмбетбаймен төбелесіп қалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі paryz.kz.порталына сілтеме жасап. "Неге" бағдарламасының студиясында тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы Ермұрат Бапидан: "Ермұрат мырза, осы ЖСДП-ны сіз 200 мың долларға сатып жіберді деген әңгіме рас па?" – деп сұрады. Сауалға Ермұрат Бапи жауап беруге оқталғанда, ЖСДП партиясы төрағасының қазіргі орынбасары Тазабек Сәметбай: "Ермұрат Бапи базар қылды, саяси сахнаны базарға айналдырды. Саудагер! Көпес!" – деп спикерді сөйлетпей қойды. Осы сөздер Ермұрат Бапидің ашуын келтірсе керек, Тазабек Сәмбетбайға алдымен стақандағы суды шашып, артынша стақанның өзін лақтырды. Одан кейін Бапи Сәмбетбайға "кө...ді қыс!" деп зекіп, жағынан салып жіберді. Тіпті басқалардың араласқанына қарамай, тепкенін де байқауға болады.

Жүктелуде...