Әлемнің барлық елінде жалақы мөлшері кемінде 6 процентке төмендеген

Әлемнің барлық елінде жалақы мөлшері кемінде 6 процентке төмендеген

ашық дереккөзі

 width= Пандемия басталғалы әлемде дағдарыс басталды, – деп Newsroom+ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Коронавирус пандемиясына байланысты әлемнің барлық елінде жалақы мөлшері кемінде 6 процентке төмендеген. Халықаралық еңбек ұйымының  мәліметінше, жалақысы төмен қызметкерлердің әлеуметтік тұрмысы қиындай түскен.

«Дағдарыс әсіресе, әйелдер мен жалақысы төмен қызметкерлердің табысына елеулі әсер еткен. Теңсіздіктің өсуі әлемнің барлық елінде кедейлікке алып келуі мүмкін», – деп топшылайды сарапшылар.
Олардың айтуынша, мемлекеттік субсидиясыз жалақы орта есеппен 6,5 процентке төмендеген. Ал көмек берілген елдерде осы соманың 40 проценті өтелген.

Жүктелуде...