Семейлік келіншек: Дәрігердің кесірінен баламның жүрегі тоқтап қалды

Семейлік келіншек: Дәрігердің кесірінен баламның жүрегі тоқтап қалды

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_35997" align="alignnone" width="1000"] width= hand and abdominal ultrasound scanner for pregnant women[/caption] Гинекологтың кесірінен баламның жүрегі тоқтап қалды.  Жүктілік кезінде ауырған ана бірнеше рет дәрігеріне барып шағым айтқан. Алайда маман селқос қарағанға ұқсайды. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алғашқы баласынан кейін 5 жыл дегенде жүкті болған Камила Оспанованың қуанышы ұзаққа созылмаған. Денсаулығы сыр берген соң, гинеколог дәрігерге бірнеше рет шағымданып барыпты.  Камила ОСПАНОВА, қала тұрғыны: «Ішімнің төменгі жағы қатты ауырды. Белімнің айналасы да тыным бермеді. Мен гинелогқа бір емес, бірнеше барып айттым. Бірақ, ол кісі селқос қарап, алаңдамай жүре бер, бала қозғалады, жүрегі соғып тұр деп қайтарып жібере берді. Дәрігер ғой, айтқанына сеніп жүре бердім». Камила бала көтергеннен бері бір рет қана қабылдауға уақыты бара алмадым дейді. Содан кейін дәрігер саған бала керек емес деп жекіген көрінеді. Ақыры денсауық сақтау департаментіне шағым айтып, гинеколог бұл кісіні қайта қарай бастаған. Бірақ, көп ұзамай суық хабар естіген.

 Камила ОСПАНОВА, қала тұрғыны: «Гинекологта болған соң, 3 күннен кейін УЗИ-ге бардым жоспар бойынша. Маған ол жерде балаңыздың жүрегі тоқтап қалған деді. Бұл кеше-бүгін емес, 3 апта бұрын болған. Қалай жүрсіз? Бала ішімде іріп бара жатқанны жеткізді. Қайта гинекологыма барып едім, күліп қарсы алды да саспа, әлі жассың тағы бала тауып аласың деп арқамнан қақты. Одан кейін операция жасап баланы алып тастады. Ол дәрігер әлі жұмыс істеп жүр. Шара қолдансын деп талап етемін!. Тіпті, бір ауыз кешірім сұрауға жарамады!».
Емхана басшылығына шықтық. Бұл жақта әйелдің өзі түрлі мамандарға берген жолдамалармен барып тексерілмегенін алға тартады. Баланың жүрегі содан тоқтауы мүмкін деген болжам айтып отыр.
Ақтолқын КАМЕТОВА, Семей қаласының №6 аралас типтес емханасының Бас дәрігері: «Бірнеше рет гинеколог маған бәрі жақсы деп қайтарды дегені жайлы біздің гинеколог Хаида Рашидовна өзінің түсініктемесінде жазбапты. Оны біз қосымша қарастырамыз. Шағынданушы әйелмен әңгіме өткізіп, қосымша зерттеп. Егер ол кісінің гинекологтың ісінде қандай да бір кінәрәт болса ол кісі тиісті жазасын алады».
Операциядан кейін енді ес жиған Камила Оспанова гинеколог дәрігерге қатысты бір шара қолданылсын деп талап етеді. Маман емханадағы жұмысын жалғастыруда. Алдағы уақытта тыңғылықты тексерістің болар болмасы белгісіз. https://youtu.be/aOMw6bq4U6Q

Жүктелуде...