Қайрат Нұртасқа есірткі тасыған қыз бар шындықты айтты

Қайрат Нұртасқа есірткі тасыған қыз бар шындықты айтты

ашық дереккөзі

 width= Facebook-те танымал әншілердің аты аталған қолхат тарап кетті. Онда Гаухар Мұса есімді азаматша есірткі сатумен айналыспайтынын, "тек эстрада жұлдыздарына оны сатып алуға көмектескені" жайлы айтады. Қолхатта Қайрат Нұртастың және өзге де тұлғалардың есімдері аталады, деп  Newsroom+ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ  порталына сілтеме жасап хабарлайды. Жазбаша мәтінді Ораз Әлімбеков есімді желі қолданушысы Facebook-тегі парақшасында жариялады. Қолхатта өзін Гаухар Мұса деп таныстырған қыз синтетикалық есірткі қолданғанын мойындаған, алайда есірткі сатумен айналыспағанын алға тартады.

Айтуынша, ол "Қайрат Нұртастың және өзге де тұлғалардың өтінішімен оларға есірткі сатып алуға көмектесіп отырған". "Мен сатушыдан олардың сатып алған қалташаларын алып кетіп отырдым, немесе керісінше әншілердің ақшасын сатушыға апарып беріп жүрдім. Яғни мен оларға сатып алуға көмектестім, мен есірткіні біреулерге сатумен айналыспадым",- деп жазады қолхат иесі.
"Есірткімен күрес бөлімінің бастығы, атын білмеймін, бірақ көздері ойнақшып тұрады, сол менен Астана қалалық Полиция департаментінде әншілер туралы айтпауымды сұрады. Менің есірткі заттарды тек қолданатынымды, ал сатумен айналыспайтыныма байланысты іс қозғамайтынын айтып алдады. Егер оларды айтсам, іс көпке созылады, қиындап кетеді. Ал қазір мені есірткі тасымалдау бойынша айыптап жатыр екен және үлкен мерзім берілуі мүмкін”, - дейді Гаухар Мұса есімді азаматша адвокатына айтқан сөздерін жариялауға рұқсат беріп.

Жүктелуде...