Жаңа ойын түрі қазақстандықтардың жеке дерегін ұрлайды

Жаңа ойын түрі қазақстандықтардың жеке дерегін ұрлайды

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Amazon компаниясы жүргізіп отырған ойынға сілтемені бөлісіп жатыр. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Azattyq.Ryhy-на сілтеме жасап хабарлайды. Қатысушылар арасында қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтысы өткізіледі. Алайда «ойынның» сілтемесі фишингтік сайтқа апарады.  width= Портал мәліметінше, бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Соның бәрін фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кіруге тырысқанда, фишинг туралы автоматты түрде ескерту шығады және сервермен байланыс қорғалмаған.

«Осындай интернет-платформалар арқылы алаяқтар сайтқа кірушілердің жеке деректерін – жеке аккаунттардың логиндері мен құпиясөздерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады», - делінген портал мәліметінде.
Дереккөзге сенсек, бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етуде, жұртты банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.

Жүктелуде...