Бір секунд тоқтаңыз: суреттен бірінші не көрдіңіз?

Бір секунд тоқтаңыз: суреттен бірінші не көрдіңіз?

ашық дереккөзі

 width= Адамдар алғаш қарағанда суреттерді әр түрлі қабылдайды. Мұндай суреттер психологтардың айтуынша, сіздің ішкі қасиеттеріңіз туралы көптеген қызықты және күтпеген жайттарды айта алады. Төменде қарапайым визуалды тест бар. Суретке қараңыз. Көзіңізге бірінші не түсті?

Көлік

 width= Тұрақты, болашаққа сенімі мол адам екеніңіз сырт келбетіңізден байқалады. Сіз өзіңізді дамытатын, тынымсыз адамдардың ортасында жүргенді жаныңыз қалайды. Жаңа орын, жаңа адамдар, жаңа идея, бір сөзбен айтқанда, саяхаттау - сізді бақытты ете алады. Қазірдің өзінде сіз көптеген ел, қалаларды аралаған адамсыз.

Адам

 width= Сіз өз интуицияңызға қатты сенетін жансыз. Адамдардың өтірік айтып тұрғанын бірден байқай аласыз. Түр келбеті мен сөйлеген сөзінен қандай екенін анықтайтын ерекше қасиетіңіз бар. Өзіңіз сырт көзге байсалды боп көрінгенімен, ашушаңсыз. "Ашу-дұшпан, ақыл-дос" екенін естен шығармаңыз.

"А" әрпі 

 width= Өте сақ, қырағы адам екеніңізді байқаттыңыз. Көбінде дәл осы "А" әрпін көрмей жатады. Сіз нағыз батыл, сөзінде тұратын, жауапкершілігі мол жан екенсіз. Өті білімді, әсіресе математика, тарих, география пәндерін жетік меңгеріпсіз. Бірақ тәкаппарлығыңыз бар. Түзету керек.

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

Жүктелуде...