Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ресей: Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одақта бақылаушы статусын алады

Ресей: Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одақта бақылаушы статусын алады

Ресей: Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одақта бақылаушы статусын алады
ашық дереккөзі
 width= Өзбекстан желтоқсан айында Еуразиялық Экономикалық Одақта бақылаушы статусын алады. Бұл туралы 1-желтоқсанда Ресейдің өндіріс және сауда министрлігінің департамент басшысы Михаил Анисимов хабарлады.
«Өзбекстанға желтоқсан айында Еуразиялық Экономикалық Одақтың бақылаушы статусы беріледі. Өзбекстанмен жаңа форматта жұмыс істеу, «еуразиялық бестікке» дамуға үлес болады деп санаймыз», — деді ол.
Өзбекстанның арнайы бақылаушы статусын алу уақыты «Өндірістік диалог: Ресей және Өзбекстан» онлайн-конференциясында белгілі болды. Бұл статусты Өзбекстан жыл соңында өтетін Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында алуы мүмкін. Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату