Грекияның ең жас депутаты - Шымкент тумасы

Грекияның ең жас депутаты - Шымкент тумасы

ашық дереккөзі

 width= Еліміздің Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Шымкент қаласында дүниеге келген Мария Апатзидимен кездескен болатын. Осы кездесу барысында Грекияның ең жас депутаты Қазақстанның тумасы болып шықты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Әңгіме барысында олар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму келешегін талқылады. Елші грек депутатын елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалармен, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларымен, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Парламенті Мәжілісіне кезекті сайлау алдындағы науқан барысымен және оның ерекшеліктерімен таныстырды.

«Өз кезегінде М.Апатзиди Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық диалог арқылы жандандыру қажеттілігілімен келісті. Депутат Қазақстанның тумасы бола отырып, өткен ғасырдың соңында тарихи отанына оралған этникалық гректердің арасында Қазақстанға және елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени үдерістерге қызығушылықтың артып жатқанын атай отырып, екі ел арасында туристтер алмасуды кеңейтудің жоғары әлеуетіне назар аударды», - делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Кездесу соңында тараптар байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстардың келешегін белгіледі.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...