Биыл мүгедектердің жағдайын жақсартуға 448 млрд теңге бөлінген

Биыл мүгедектердің жағдайын жақсартуға 448 млрд теңге бөлінген

ашық дереккөзі

 width= Үкімет басшысы Асқар Маминнің қадағалауымен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері көтеріліп, осы тақырып төңірегінде үкімет отырысында бірнеше өзгерістер енді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.  width= ҚР Үкімет басшысының ресми сайтының мәліметінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар тұңғыш рет өз Отанымызда өндірілмекші. 2025 жылға дейін толық қамтамасыз етілетінін хабарлады. 64 кешенді іс-шарадан тұратын ұлттық жоспар әзірленуде, алдағы бес жылдықта күшіне енеді. Мүгедек жандар үшін көлік саласы да елеулі жұмыс атқарғанын айтты. Атап айтсақ, 93 % Қазақстан вокзалдары талапқа сай, барлық жолаушылар мінетін пойыздар 100% арбамен жабдықталған.

Әкімдіктерге мүмкіндіктері шектеулі жандарды Әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы оңалту құралдарын алу дағдыларына оқытуды жандандыру, Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Жұмыспен қамту орталықтары мен ХҚКО-ларда мүгедек адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мүгедектіктің алдын алу үшін сырқаттарға диагностиканы ерте жүргізуге көңіл бөле отырып, мүгедектерге оңалту көмегін күшейту, салынып жатқан барлық оңалту орталықтарын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды primeminister.kz ресми сайты.
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне де маңызды, атқарылуы тиіс тапсырмаларды атады: 
  1. Мүгедектікті алдын алу
  2. Диагностиканы ерте жүргізу
  3. Мүгедектерді оңалту жұмысын күшейту
  4. Салынып жатқан орталықтардың уақытылы берілуін қамтамасыз етуді міндеттеді.
Сондай-ақ, білім ордасында да мүмкіндігі шектеулі балалардың оқитыны белгілі. Білім және ғылым министрлігіне де бірқатар міндеттерді жүктеді. 
  1. инклюзивті біліммен қамтуды 50% көтеруді
  2. педагогтарды даярлауды өзектендіру
  3. психологиялық-медициналық және педагогикалық комиссиялардың қызметін кеңейтуді тапсырды.
Индустрия министрлігіне мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, вокзалдарды жаңғыртуды аяқтау және қоғамдық автобус паркін мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету талаптарына толық сәйкестендіру тапсырылды. 2020 жылы мүгедектердің жағдайын жақсарту мақсатында 448 млрд теңге бөлінген. 2019 жылға қарағанда 12% көп. 
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау – мемлекет баса көңіл аударатын өте маңызды мәселе. Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта құру», — деді А. Мамин.

Дайындаған: Інжу ӨМІРЗАҚ

   

Жүктелуде...