Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының болашағына алаңдаулы

Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының болашағына алаңдаулы

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айгүл Иманбаева өзінің жеке өміріне қатысты ұлы не ойлайтынын ашық айтты. Ол анасына өз азаматын табуға тілегін білдірген. Әншінің перзенті оның жалғыз болғанын қаламайтынын жеткізген, деп Newsroom+ақпарат агенттігі  Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Айгүл Иманбаеваның Сәбит Әбдіхалықовпен некеде туған ұлы бүгінде анасының болашағы үшін алаңдаулы. Әкесінің жеке өмірін құрып жатқанына куә болып отырған Аслан Әбдімүтәлиев анасына да жан-жағына қарайласып, өз азаматын табу керек екенін алға тартты. Жас режиссердің пікірінше, жұлдызды анасы кез келген ер адамды бақытты ете алады. Ол анасын әйел затының эталоны санайтынын айтқан.

Иманбаева ұлының өзіне айтқан келелі кеңесі туралы жан сырын "Таңшолпан" бағдарламасында ақтарды. "Ұлым түсірген фильмді көргеннен кейін, өксік қысып, булығып кеттім. Өз басымыздан өткен тағдыр да бар. Сол кезде балама хабарласып едім. Ол "Мама, бірінші бір Алла болса, екінші апа екеуіңнің маған берген тәрбиелерің ғой. Сіздерге алғысым шексіз" деді. Ұлым кино барысында менің айтатын әңгімемді негізге ала отырып, менің философияммен түсіргенін айтты. Ол "сен маған миымда да, ойымда да жол көрсетіп отырдың" деді. Соған қатты қуандым.

Жүктелуде...