weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елордада тағы бір газ балоны жарылып өрт шықты

Елордада тағы бір газ балоны жарылып өрт шықты

Елордада тағы бір газ балоны жарылып өрт шықты
ашық дереккөзі
 width= Елордада тағы да газ балоны жарылып, өрт шықты. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«1 желтоқсан күні сағат 22-14-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Байтұрсынов көшесі 43/2 мекенжайындағы өрт туралы хабар түсті . Өрт сөндірушілер келген уақытта 22.19-да жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 ш.м. алаңда асхана ретінде қайта жабдықталған жеке тұрған құрылым (контейнер) ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады, сондай-ақ жанында тұрған ағаш құрылғылары жанып жатты. Алдын ала болжам бойынша газ баллонының жарылуы орын алған. Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрттен 4 газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталудаа. Өрт орнында барлығы 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді», – делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мекеменің мәлімдеуінше зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ.