Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қызылорда облысында қайғылы оқиға болып, үш адамның мәйіті табылды

Қызылорда облысында қайғылы оқиға болып, үш адамның мәйіті табылды

Қызылорда облысында қайғылы оқиға болып, үш адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
 width= Қызылорда облысы Сырдария ауданында "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1 желтоқсанда сағат 01.34-те "Қызылорда-Құмкөл" тас жолының 108 шақырымында "Бектас-Қоныс" кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр. Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.
"Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым  жердегі асханаға орналастырылды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату