Коронавирус ақыл-ой қабілетін төмендетуі мүмкін

Коронавирус ақыл-ой қабілетін төмендетуі мүмкін

ашық дереккөзі

 width= Көбінесе коронавирус адамның тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Алайда неміс ғалымдарының зерттеуі бойынша егер адам мұрын арқылы вирустық бөлшектерді жұтып қойса, оның миға да енуі мүмкін екенін білді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «SARS-CoV-2 коронавирусы тыныс алудың бұзылуын ғана емес, сонымен қатар неврологиялық проблемаларды да тудырады», — делінген хабарламада. Мысалы, расталған диагнозы бар әрбір үшінші пациент иіс немесе дәм жоғалту, бас ауруы, шаршау, бас айналу және жүрек айну сияқты белгілер туралы хабарлайды. Зерттеушілер коронавирустан қайтыс болған 33 дененің аутопсиясын жасап, мұрынның артындағы шырышты, сондай-ақ ми тінінің үлгілерін зерттеді. «Коронавирустың генетикалық материалы мұрын шырышты қабығында көп мөлшерде болды, бірақ вирустан пайда болатын және адамның рецепторлары жасушаларды жұқтыратын SARS-CoV-2 тікенді ақуыздары да мида табылды», – дейді ғалымдар.

Жүктелуде...