weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейлік дәрігер өлім көп тіркелетін жаңа эпидемия туралы айтты

Ресейлік дәрігер өлім көп тіркелетін жаңа эпидемия туралы айтты

Ресейлік дәрігер өлім көп тіркелетін жаңа эпидемия туралы айтты
ашық дереккөзі
 width= Ресейлік танымал дәрігер Александр Мясников өлім-жітім деңгейі 35-40 пайыз болатын індет туралы айтып өтті. Ол өзі жүргізетін Telegram-арнасында барлық ғалымдардың күшін әмбебап вакцина жасауға жұмылдыру керек екендігін жазды. Вирусологтардың пікірінше, ауыр эпидемия мутацияға ұшырап жатыр. Біріншісі - жануардан адамға, екіншісі - адамнан адамға жұғады.
«Қытайда бұл екі мутацияның алғашқысы үнемі тіркеліп отырады. Сонымен қатар коронавирус адамдардың індетке дайын емес екенін көрсетті», - деп жазды Мясников.
Дәрігер егер ғалымдар өлім-жітім деңгейі жоғары вирус таралғанға дейін «әмбебап» вакцина жасамаса, ондаған миллион адамның қайтыс болатынын айтты.
«Енді осындай вакцина жасау үшін барлық ғалымдар бірлесіп әрекет етуі керек. Оларды сәйкесінше қаржыландыру да маңызды. Бұны қазірден қолға алмасақ, кейін шығынға батуымыз мүмкін», - деді ол.

Ақмарал БЕРЕКЕТ