«Лори» армян футбол клубында ойнайтын қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский өз командасының үздік ойыншысы атанды. Мәселен, мұндай қорытынды Армения чемпионаты аясындағы «Лори» - «Арарат-Армения» (0:1) матчынан кейін шығарылған, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Рудосельский алаңда 81 минут болған. Осы уақыт ішінде қорғаныста жеңіске жеткен «жекпе-жектердің» (80%), дәл пастардың (88%) ең жақсы пайызын көрсете алды, сонымен қатар допты 7 рет қағып әкеткен.
Қазақстандықтың индексі 244-ті құрады, бұл «Лори» ойыншылары арасындағы ең үздік нәтиже болды. Instat Index нұсқасы бойынша, «Арарат-Арменияға» қарсы матчтан кейінгі «Лоридің» үздік бес ойыншысы:
- Тимур Рудосельский – 244;
- Джими Алексис – 240;
- Нана Антши – 233;
- Арам Кочарян – 229;
- Павел Осипов – 208. Қазіргі уақытта «Лори» Армения чемпионатында 13 ұпаймен бесінші орында тұр.