Қазақ жастары Африкада құдық қазып жүр

Қазақ жастары Африкада құдық қазып жүр

ашық дереккөзі

 width= Африкада құдық орнатып, бала оқытып жүрген қазақ жастары туралы естіп пе едіңіз? Көлемі бойынша Еуразиядан кейінгі алпауыт материкте жүрген отандастарымыз қайырымдылық жасап көзге түсуде. Әлемнің әдемі елдерін аралаудан бас тартып, әлеуметтік мәселесі шаш етектен келетін мемлекеттерде еңбек етіп еленгендер жайлы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт» деген өлеңін оқыған арудың есімі -  Влонч. Ол Африкадағы бізге беймәлім Банги қаласында бала оқытып жүрген Айман Мәмедалиеваның оқушысы. Жоғарғы санаттағы ұстаз бір жыл бұрын Африкаға отбасымен бірге көшіп барыпты. Бүгінде ауыл балаларына шет тіліненен сабақ беріп, арагідік кей оқышыларға қазақ тілін үйретеді. Отандасымыз тіпті Ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап Африкадан Қазақстанға арнау жолдапты! Африкалықтардың сауатын ашудан бөлек, соңғы уақытта қазақ азаматтары суға зәру елді-мекендерге құдық қазып,  түрлі қайырымдылық шараларында да белсенділік танытуда. Мәселен 2016 жылы Забихолла Ғабдолла атаның ұлы да Нигерияның ең кедей елді-мекеніне ауыз су құбырын тартуға көмектесіпті.  Забихолла ҒАБДОЛЛАҰЛЫ, қала тұрғыны: «Батыс Африкада Нигерия деген жерде колонка орнатқызды. Бұл қайырымдылық қорына жасаған көмегі. Қайырымдылқ қорына баламның қатысқанына риза болдым!» Одан бөлек, Атырау қаласының лицей оқушылары  биыл Малави еліне  қайырымдылық жасаған. 2015 жылғы Атырау БИ түрлектерінің бастамасымен басталған құдық өз мәресіне жетті. 15 мың халық тұратын ауылға, таза су ішу біраз қол жетімді болды! Ал  жуырда ғана Кения еліне  барып келген жиһанкез-блогер Динара Болаттың сөзінше, қазақстандықтардың жат елдегі белсенділігі әр адамның  ішіндегі арманы мен миссиясымен байланысты екенін айтады. https://youtu.be/R2d9PkHLlhY  

Жүктелуде...