Тоғызқұмалақтан Президент күніне арналған турнир онлайн өтті

Тоғызқұмалақтан Президент күніне арналған турнир онлайн өтті

ашық дереккөзі

 width= Жыл сайын ұйымдастырылатын жарыс биыл қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн форматта болды, деп Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Бас-аяғы 400-ден аса қатысушы арнайы платформада ұлттық ойынның блитц түрі бойынша сынға түсті. 11 турдан тұратын турнир 4 сағатқа созылды және нәтижесінде павлодарлық Ринат Керейбаев жеңімпаз атанды. Айта кетейік, тоғызқұмалақ қазір ресми спорт ретінде танылып, құрлықтық және әлемдік чемпионаттар ұйымдастырылып тұрады. Еліміз бойынша бұл ойынды шамамен 200 мыңға жуық адам жетік біледі.  Дастан Қапаев, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы: Республикалық жарысымызға 411 спортшы қатысып отыр. Қалғандары қонақ ретінде. 17 аймақтан спортшы қатысып отыр. Мықтылар да, қариялар да, балалар да бар.

Жүктелуде...